![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4e/Daphnia_pulex.png/640px-Daphnia_pulex.png&w=640&q=50)
Аша мұрт шаян
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аша мұрт шаян немесе Кладоцерлер (лат. Cladocera) — омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын жәндіктер. Бұлардың дүние жүзінде 420 түрі бар, ал Қазақстанда 130 түрі белгілі. Бұлар ағынсыз тұщы суларда, теңіздердің түбінде тіршілік етеді. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің ішінде мүкті тропиктік ормандарда тіршілік ететін құрлықтық түрлері де кездеседі. Бұтақмұртты шаянтәрізділердің денесі бүйірінен қысылған, екі жақтауы бақалшақпен қапталған. Ұзындығы 5 мм-ге дейін. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басындағы 1 жұп күрделі көздері бірігіп кеткен және кейбір түрлерінде рудиментті маңдайлық (науплиальді) көзі сақталмаған. Мұрттары мен мұртшалары жылжу қызметін атқарады. Көкірегіндегі 4 – 6 жұп аяқтарының буындары жойылып, сүзгіге айналған, онымен қорегін (детриттер, бактериялар, бір клеткалы балдырлар, т.б.) сүзіп ұстайды. Аяқтарындағы желбезектері тыныс алу қызметін атқарады. Жыртқыш түрлерінде (Leptodora) бақалшақтары кішілеу, аяқтары қорегін ұстауға бейімделген. Бұтақмұртты шаянтәрізділерде маусымдық өзгергіштік (цикломорфоз) айқын байқалады, мыс., темп-раның өзгеруіне байланысты кейбір өкілдерінің (Daphnіa, Bosmіna) бақалшақтарының пішіні өзгеріп тұрады. Көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан аналық дамиды. Бұлар жаз бойы партеногенез (жыныссыз) жолымен көбейеді. Аталықтары күзде дамиды да, көктемде аналық жұмыртқаларды ұрықтандырады. Бұтақмұртты шаянтәрізділер тұщы су және теңіз балықтарының, сол сияқты тіссіз киттәрізділердің, әсіресе, бекіретәрізділер мен албырттар шабақтарының негізгі қорегі болып табылады.[1]
Аша мұрт шаян | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Daphnia pulex
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Жасақ тармақтары | ||||||||||||
|
Аша мұрт шаяндар - желбезекаяқты шаянтәрізділер жасағына жататын омыртқасыз жануар. Ең кең тараған түрі - Дафния (лат. Daphnia) тегінің өкілдері, кейде оны "Су бүргесі" деп атайды.