ұрыс тәсілі, жауды жоятын немесе әлсірететін негізгі әрекет From Wikipedia, the free encyclopedia
Атыс — ұрыс тәсілі, жауды жоятын немесе әлсірететін негізгі әрекет. Көшпелі халықтардың ертеден қалыптасқан ұрыс тәсілдері бойынша майдандағы шайқас алдымен садақпен, кейін мылтықпен алыс қашықтықтан атыспен басталған. Атысты арнайы құралған садақшылар қосындары жүргізеді. Атыстың мақсаты — жаудың әскерін, аттарын құрту, шебін бұзу. Садақты ат үстінде тартатын көшпелі елдер әскерінің мергендері атыс кезінде жауды көп шығынға ұшыратқан. Кейде майдан алдындағы батырлар жекпе-жегі де атыс түрінде өтуі мүмкін. Онда батырлар кезекпен атысады да, кезек жасы, жолы үлкенге беріледі, ал екінші адам оққа қасқайып қарсы тұру керек.[1] Сондықтан жекпе-жек атыс асқан батырлықты, жүректілікті қажет етеді. Батырлардың жекпе-жекте атысуы қазақтың эпостық жырларында жиі суреттеледі. Мылтық пен оқ-дәрінің пайда болуына байланысты атыс негізгі ұрыс тәсіліне айналды. Әскери өнерде атыс жүргізу әдістері жан-жақты негізделген.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.