Атомдық масса - атомдық салмақ—химиялық элемент атомы массасының салыстырмалы бірлікпен көрсетілген орташа мәні. Ол осы элемент атом массасының көміртек атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе артық екенін көрсетеді. Орыс ғалымы Дмитрий Менделеев (1934 – 1907) элементтердің периодтық жүйесінде элементтің негізгі сипаттамасы ретінде атомдық массаны алған.[1]

Атомдық масса — мөлшерсіз шама. Ол Ar белгісімен таңбаланады (“r” — индексі ағылш. relatіveсалыстырмалы). Атомдық массаның көміртектік шкаласын 1961 жылы Монреальда химиктердің халықаралық одағы қабылдаған. Оған дейін атомдық өлшем бірлігі болып оттегі атомы массасының 1/16 бөлігі алынып келді, бірақ оның үш изотопы болғандықтан қолайсыз деп табылды.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.