Атлант ақ бүйірлі дельфині
From Wikipedia, the free encyclopedia
Атлант ақ бүйірлі дельфинін анықтау өте оңай. Оның тұмсығы ерекше сүйірленген, арқасы- қара түсті, ал екі бүйірі- ақшыл және қара түсті. Денесінің астыңғы бөлігі аппақ. Атлант ақ бүйірлі дельфині Атлант мұхитын Гренландяға дейінгі аралықтағы суық суларда кездеседі. Олардық қорек көзі әртүрлі. Қорегінің көп бөлігін кальмар, майшабақ, майда балықтар мен асшаяндары құрайды. Ұрпағын жаздың соңында, яғни тамыз айында өмірге әкеледі. Оның көздері кішкентай және түймеге ұқсас болады. Оның дөңестелген денесі- жұп- жұмыр. Ақ бүйірлі Атлант дельфині басқа дельфиндерге қарағанда ұзақ өмір сүрмейді. Ең ұзақ жасағаны 27 жыл. Сондай- ақ құйрығына қарай сары немесе сары қоңыр жолақтары бар, алқымы сұр түсті. Бұл дельфин басқа дельфиндерге қарағанда сәл үлкендеу. Ересек ақ бүйірлі дельфиннің салмағы 200-230 келіге дейін жетеді.[2]
Ақ бүйірлі Атлант дельфині | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lagenorhynchus acutus (Джон Эдуард Грей, 1828) | ||||||||||||||||