From Wikipedia, the free encyclopedia
Атбасар Мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы.[1]
Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Қыш ыдыстарының сыйымд. 1–5 л, пішіні жарты жұмыртқа тәріздес. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.