![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/70/Cutlery.jpg/640px-Cutlery.jpg&w=640&q=50)
Асханалық құралдар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Асханалық құралдар - басытқылық, балықтық, асханалық, десерттік және жеміс-жидекті құрал-аспаптар жатады. Басытқылық құрал-аспаптар шанышқы мен пышақтан тұрады. Салқын немесе ыстық басытқыларға (құймаққа) арналады. Балықтық құрал-аспаптар — төрт қысқа тістері бар, сүйектерді белуге арналған тереңдетілген шанышқыдан және қалақша тәрізді қысқа және жалпақ жүзді пышақтан тұрады. Екінші ыстық балық тағамдарына арналады. Асханалық құрал-аспаптар: шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Бірінші және екінші ыстық тағамдарға арналады. Десерттік құрал-аспаптар: қасық, шанышқы және пышақтан тұрады. Өлшемі бойынша басытқылық құрал-аспаптардан кіші болады. Шанышқы мен пышақты тәтті тағамдарды жібергенде қолданады (алма шарлоткасы, пирожное). Десерттік қасықты мусс, кілегейдегі және сүттегі жеміс-жидектерді бергенде қолданады. Жеміс-жидекті құрал-аспаптар шанышқы мен үшкір кысқа жүзі бар пышақтан тұрады. Шай қасық — шайға беріледі. Балмұздаққа арналған қасық — қалақша сияқты жалпақ формалы болып келеді. Кофеге арналған қасық — шай қасықтан кішілеу болады. Кофеге беріледі. Кокотты шанышқы — үш қысқа жалпақ тістері бар шанышқы. Ыстық басытқыға беріледі. Сорпалык қасық — асханалық қасықпен салыстырғанда кішігірім, ол сорпа ішуге ыңғайлы.[1]
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/70/Cutlery.jpg/640px-Cutlery.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |