Астана (станция)
теміржол станциясы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана — Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі темір жол станциясы[1].
Маршрут
- Петропавл — Шу темір жолы
- Оңтүстік Сібір темір жолы (ru)
Тарихы
Басқа мағыналар үшін Астана (айрық) деген бетті қараңыз.
Ақмолаға алғаш пойыз 1929 жылғы 8 қараша күні келген. 1931 жылы Ақмола теміржол стансасы іске қосылды. Мұнда екіқабатты, 380 адамды сыйдыра алатын, ауданы 1318,8 м² вокзал салынды.
1961 жылы сыйымдылығы үлкенірек сапаржай салынған. Бұл Қазақстандағы ең үлкен вокзал еді. 1962 жылы станса атауы Целиноград стансасы деп өзгертілді. 1990 жылы жартылай реконструкция жүргізілді.
2001 жылдан бастап Астана стансасы деп атауы өзгерді. 2004 жылы вокзалда ірі реконструкция өтті.
2017 жылы Нұрлы жол вокзалы ашылғанда, бұл стансаның атауы Астана-1 деп қойылған. Ал 2019 жылғы сәуірден бастап Нұр-Сұлтан-1 деп атала бастайды.
Вокзал айналасындағы нысандар
- Сапаржай
- Magnum Express (Супермаркет)
- «Даулет» сауда үйі
- «Жастар» театры
- Астана аграрлық университеті
Дереккөздер
- Станция туралы ақпарат Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2018 жылы.
Сілтемелер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |