Ассам
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ассам ( ассам тілінде - অসম, хинди असम) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы штат. Аймақ әлемге аты шыққын "Ассам шайымен" белгілі.
Үндістанның штаты | |||
Ассам | |||
ассам тілінде - অসম хинди असम | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Әкімшілік орталығы |
Диспур | ||
Губернатор |
Джанаки Баллабх Патнаик | ||
Бас министрі |
Тарун Гогой | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
26°08′ с. е. 91°46′ ш. б.26.14° с. е. 91.77° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Жер аумағы |
78 438 км² (16 орын) | ||
Ірі қаласы |
Гувахати | ||
Басқа ірі қалалары |
Силчар | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
31 169 272 адам (2011)(14 орын) | ||
Тығыздығы |
397,37 адам/км² (15 орын) | ||
Ресми тілдері |
Ассам тілі, бодо, карби | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Аббревиатура |
IN-AS | ||
ISO 3166-2 коды |
IN-AS | ||
Ертеде және орта ғасырдың басында Ассам және Прагджьотиша, Камарупа деп аталған. 6-7 ғасырда Солтүстік Бенгалиямен қосылып, дербес феодалдық мемлекет болды. 13 ғ. Ассамды Бирманы мекендеген ахома тайпалары жаулап алды. Мұнда 1792-94 ж. Англия, ал 19 ғасырдың басында Бирма үстемдік етті. 1824-26 ж. болған ағылшын-бирма соғысы нәтижесінде Ассам жері ағылшындық Үндістанға қосылып, 1921 жылдан оның провинциясы болды. Ұлттық-азаттық күресінің нәтижесінде 1947 ж. Үндістанның тәуелсіздігі жарияланып, ол екі мемлекетке (Үндістан және Пәкістан) бөлінгеннен кейін, Ассам (Пәкістанға қосылған Силхет округін есептемегенде) 1950 ж. Үндістан Республикасының штаты болды.
Жер аумағы 78 438 кm². Шығыс Гималай тауларының етегінде, негізінен Брахмапутра өзенінің алабына орналасқан. Астанасы - Диспур, ірі қаласы — Гувахати. Халқы — 31 169 272 человек (14-ші орын; 2011 ж.). Олардың 50%-тен астамы ассамдықтар, 18 %-ы бенгалдықтар.
Жерінің оңтүстігін Лушан тауы (2157 м-ге дейін), орталық бөлігін Ассам таулары, солтүстігін Брахмапутра өзені бойындағы ойпат алып жатыр. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Климаты - тропиктік, муссондық, жазы жаңбырлы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда +13 °С, мамырда +26°С. Жаздық жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Жерінің 1/3 бөлігі мәңгі жасыл, аралас орман.
Ірі қалалары:
Ассамда егіншілік пен мұнай өнеркәсібі дамыған. Жерінің 15 %-ы жыртылған. Шай, кендір, күріш, темекі, мақта егіделі. Барлық егіннің 30 %-ы суармалы. Егіншілік негізінен Брахмапутра мен Сурманың аңғарларында дамыған.
Мұнай-химия өнеркәсібі де өркендеуде.
Шай, ағаш өндеу, шырпы, қағаз, жасанды ташық кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ассамның көлік, экономикалық жағдайы Калькутта қаласымен тығыз байланысты. Брахмапутра өзенімен жылына 1 млн тонна жүк тасымалданады. Мұнай кендерінен өнеркәсіпті қалаларған құбырлар тартылған.
Ассам - Үндістанның білім ордасы. Ассамда келесі университетер бар:
Дибругархта, Силчарда, Гувахатида, Джорхатида, Барпетада медициналық колледждер және де басқа орта дәрежелі арнаулы оқу орындары бар.
Штаттың құрамына келесі аймақтар кіреді: :
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Assam |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.