From Wikipedia, the free encyclopedia
Аспар , Флавий (Aspar, Flavіus) (т.ж.б. — 471, Константинополь) — алан (сармат) тайпасынан шыққан Рим армиясының генералы; негізінен императорлар Марсиан (450 — 457) және І Лев (457 — 474) армияларында қызмет етті. 431 ж. А. вандал тайпаларын ығыстырып шығару үшін Шығыс Рим әскеріне қолбасылық жасады, бірақ 434 ж. вандалдардан жеңіліс тапты. 441 ж. парсыларға қарсы шайқастарда талантымен танылғанымен, 443 ж. Константинополь түбінде Аттила (Еділ) басқарған ғұн әскерлерінен ойсырай жеңілді. Бұрын өзінің қызметінде болған Марсианның 450 ж. император болуына байланысты А-дың ықпалы қайта артты. Марсиан өлгеннен кейін А. готтар армиясына сүйене отырып, Шығыс Рим тағына І Левті отырғызды (457). Алайда жаңа император Оңт. Анадолыдағы Зено бастаған жақтастарына иек артып, тәуелсіз саясат жүргізуге, А-дың ықпалынан құтылуға ұмтылды. Шығыс Рим империясының тағы үшін бірнеше жылға созылған күрес 471 ж. А-дың өлтірілуімен аяқталды. Бұл Шығыс Рим империясында герман үстемдігінің жойылуына алып келді.Әдеб.: The New Encyclopaedіa Brіtannіca. Vol. 1. p. 636. Chіcago, Auckland (London) etc, 1994.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.