From Wikipedia, the free encyclopedia
Асархаддон (ассирияша Ашшурахиддин, т.-ө.ж.б.) — Ассирия патшасы (б.з.б. 680 — 690). Саргон әулетінен шыққан. Саяси бүлік кезінде таққа отырған. Асархаддон әкесі Синахериб талқандаған Вавилон қаласы мен оның ғибадатханаларын жаңғыртып, Ассирияның басты қаларының бұрынғы саудагершілік пен салық төлеудегі артықшылықтарын қалпына келтірді. Мемлекетке қауіп төндірген киммериялықтар мен көшпелі халдей тайпаларының шабуылын тойтарыс беру үшін солтүстіктегі сақтардың (скифтердің) көсеміне кенже қызын беріп, құдандалық одақ құрды. Асархаддон. тұсында Ассирия Арабия, Финикия, Мысыр елдерімен соғыста елеулі жеңістерге жетті. Олар Ассирияға қыруар салық төлеп тұрды, Мысырдың ассирияша ат қойылған 20 қаласының көбісін ассириялық әкімдер басқарды. Асархаддон. көзі тірісінде өзінің тағына мұрагерлікке кенже ұлы Ашшурбанипалды тағайындады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.