From Wikipedia, the free encyclopedia
Асанас – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны.[1]Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан. Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, 14–15 ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А.Каллаур, кейінірек 1960–1961, 1968 жылы Хорезм археология-этнография экспедициясы (Н.Н.Вактурская) зерттеген. Қала орны Асанас өзеннің құрғақ арнасы бойында орналасқан.
Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың 6–15 ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.