![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fd/Main_square_of_Arqal%25C4%25B1q.jpg/640px-Main_square_of_Arqal%25C4%25B1q.jpg&w=640&q=50)
Арқалық (қала)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арқалық — Қостанай облысының оңтүстігіндегі қала, бұрынғы Торғай облысының орталығы. Қаланың негізі 1956 жылы қаланып, қала статусына 1965 жылы ие болды.
Қала | |||
Арқалық | |||
![]() | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
| ||
Облысы | |||
Әкімі |
Әмірхан Біркенұлы Асанов[1] | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°14′ с. е. 66°54′ ш. б.50.233° с. е. 66.900° ш. б. / 50.233; 66.900 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1956 | ||
Қала статусы |
1965 | ||
Жер аумағы |
15580 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
28 907[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 71430 | ||
Пошта индексі |
110300 | ||
Автомобиль коды |
10 | ||
Арқалық қаласының әкімдігі (қаз.) | |||
Гугл Карталар мәліметтеріне сәйкес, Арқалық қаласынан облыс орталығы Қостанай қаласына дейінгі қашықтық — 463 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық — 554 км.
Арқалық қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес 2019 жылы 1-ші қазан күні тұрғындар саны 40690 адамды, оның ішінде: қалалықтар - 27360, ауылдықтар - 13330 құраған.[4]
Қала облыс орталығымен теміржол арқылы байланысқан (Державинск-Арқалық темір жолының Есіл бұтағының ақырғы станциясы). Қостанай қаласынан Арқалық қаласына апаратын автожол асфальтталған, бірақ қазіргі кезде жолдың күйі мәз емес, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жезқазған бағытындағы автожолмен жеңіл көлікпен өту қиын, тас төселінбеген, жауын-шашынды ауа-райында жүк таситын көлікпен жүрудің өзі қиын.