From Wikipedia, the free encyclopedia
Аркадий Юрьевич Волож — "Яндекс" компаниясының басшысы және бас директоры[1].
Аркадий Волож 11 ақпанда 1964 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Оның әкесі Юрий Абрамович Волож (1938 ж.т.) геолог, Каспий маңы мұнай кен орындары және Қашаған кен орнын ашқандардың бірі, 1968 жылдан Алматыда "Казгеофизтрест" партиясының бастығы; кейіннен — геология-минералогия ғылымдарының докторы, РҒА Геологиялық институты, аға ғылыми қызметкері.[2] Анасы, Софья Львовна Волож, Гурьев музыкалық училищесінің оқытушы[3].
И. М. Губкин атындағы мұнай және газ институтын "қолданбалы математика" мамандығы бойынша 1986 жылы бітірген. КСРО ҒА-ның Проблемаларды басқару институтында (ПБИ) үлкен көлемді деректерді өңдеу саласындағы зерттеулермен айналысты [4].
1989 жылы Comptek компаниясының негізін салып, 2000 жылға дейін бас директоры қызметін атқарды [5]. Сол жылы Аркадием Борковскимен бірлесіп "Аркадий" фирмасын ашқан олар көлемі шамамен 10 Мб өнертабыстарды жіктеу бойынша өнім шығарған, ол патенттеумен байланысты ҒЗИ мен ұйымдарда қолданылды[4].
1998 жылы Ресей құжаттық электр байланысы қауымдастығының (RANS.RU) Сымсыз қатынау желілерінің комитетінің басшысы Аркадий сымсыз қатынау операторларының жиілігін үшін қайта реттеу үдерісіне қатысты. 1999 жылы ол Ресейде IP-телефонияның заңдастырылуы тағдырына әсер еткендердің бірі болды.
1997 жылы Волож Яндекс компаниясын құру бойынша бірінші қадам жасады — 10 мың долларға сыйымдылығы-1 Гб қатқыл дискілері бар 3 сервер сатып алынды, онда Рунеттің барлық мазмұны индекстелді. Осы инвестициялардың қорытындысы Яндекстің 1999 жылғы орыстілді интернет-сегменттің ең танымал жеті сайтының қатарына түсуіне әкелді[5].
2000 жылдан Яндекс компаниясының бас директоры. 2007 жылдан бастап МФТИ Инновация мен жоғары технологиялар факультетінің "деректерді талдау" кафедра меңгерушісі [6].
Жоғары басшылар 2010 рейтингінде — "Коммерсантъ" газеті "Медиабизнес" номинациясында І орынға ие болды[7].
2012 жылғы желтоқсанда Ресей РФ президенті жанындағы Ресей экономикасын жаңғырту және инновациялық дамыту жөніндегі Кеңесін өткізу барысында, Аркадий Волож Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке билік құрылымдарының ақпаратын ұсыну нысандарын стандарттау жөнінде және оның ұдкен ашық болуы тиіс ұсынысын білдірді, бұл алынған ақпаратты Яндекс іздеу жүйелерімен автоматтандырылған режимде өңдеуді жақсарту[8].
2013 жылғы наурызда жыл сайын "Forbes" журналымен жасалатын миллиардерлер рейтингіне қосылды, оның жеке жағдайы $1,15 млрдқа бағаланды[9]. Сол айда Яндекс қайталама акцияларын орналастыру нәтижесінде биржада 5,14 млн акциясын $117 млнға сатты[10].
2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап Волож Яндекс бас директоры лауазымын Александр Шульгинге берді және Яндекс компаниялар тобының басшысының лауазымын иеленді [11].
Үйленген, үш баласы бар[12].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.