Аралас жанартау немесе стратовулкан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аралас жанартау немесе стратовулкан — лава тасқындарымен қопсық материал жиынтықтарынан құралған барлық полигендік жанартаулардың жалпылама атауы. Мүндай жанартауларда алғаш жарылыс болып, содан кейін қопсық материал (бомба, лапилли, күл және т.б.) лақтырылады. Осыдан кейін қопсық материалды лава тасқыны жабады. Орталық типті ең көп таралған жанартау түрі, оның конусының биіктігі жүздеген метрден бірнеше км-ге жетеді, кратерлік пішіні шүңғыл тәрізді, диаметрі 1 км-дей.[1]