Арабия шөлі Ніл өзені мен Қызыл теңіз арасын алып жатқан, Сахара шөлінің солт.-шығысындағы құмды алқап. Ол Мысыр Араб Республикасы жерінде орналасқан. Жер қыртысының негізін ежелгі кристалды, шөгінді тау жыныстары құраған. Жер бедері қиыршық құм, әктастардан құралған үстірттерден тұрады. Тек солт.-батысында ғана ежелгі кристалды іргетас жер бетіне шығып жатыр (Этбай жотасы). Ең биік жері — Гебел-Шаиб шыңы (2187 м). Батыс бөлігін қатты тілімделген, құрғақ өзен аңғарлары жүйесінен тұратын биік үстірт басқан. А.ш. минералды қазба байлықтарға мейлінше бай. Ертеде бұл өңірде алтын және бағалы тастармен қатар Мысыр пирамидалары мен мүсіндеріне керекті гранит, әктас өндірілген. Қызыл т. жағалауында мұнай, қалайы, фосфорит және әр түрлі құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты ыстық және құрғақ, толығымен тропикалық белдеуде орналасқан. Жазда ауаның орташа температурасы солтүстігінде 280С, оңтүстігінде 320С. Қыс айларында ауаның орташа температурасы біршама төмен, қаңтарда солтүстігінде 120С, оңтүстігінде 200С. Жауын-шашынның мөлш. 55 мм-ге дейін түседі, кей жылдары ол тіпті болмайды. Ніл өзеніне құятын бірнеше өзен арналары бар (Хоф, Хелуан т.б.). Өсімдіктерден: жыңғыл, сикимора, құрма пальмасы және пальма дум өседі. Жануарлар дүниесінен: антилопаның бірнеше түрі, шибөрі, қорқау түлкі, қаблан; құстардан: шөл қарғасы; бауырымен жорғалаушылардан: кесіртке, жылан, тасбақа кездеседі. Халқы негізінен шұратты жерлерде шоғырланған, тек кейбір тайпалар ғана шөлде көшіп жүреді. Ең байырғы және аса ірі шұраттар Ніл аңғары бойында орналасқан. Бұл жер егіншілік мәдениетінің ежелгі орталықтарының бірінен саналады.

Thumb
Ніл өзені мен Арабия шөлі.

Үлгі:Deserts

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.