Апологетика - [грек, аро- logetikos - қорғаушы] - теология саласы. Апологетиканың мақсаты - ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғау және ақтау. Апологетика католиктік және православиелік дінге жатады, ал протестантизм ақыл-парасаттан сенімнің басым екендігін басшылыққа алып, Апологетиканы теріске шығарады. Апологетика құрамына мыналар кіреді: құдайдың бар екендігінің дәлелдемелері, жанның мәңгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген наным-сенімдеріне қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа дін жораларына талдау. Апологетиканың ішкі кемшілігі мынада: ақыл-парасатқа жүгіне отырып, ол сонымен қатар негізгі діни наным-сенімдерге ақыл өресі жетпейтіндігін айтады.

The Scutum Fidei, a diagram frequently used by Christian apologists to explain the Trinity.

[1]

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Сілтеме


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.