Аминқанттар — бір немесе бірнеше гидроксил тобын (-ОН) аминтобына ауыстырылған көмірсулардың туындылары. Табиғи қарапайым қанттардың аминдік туындылары. Егер аминтобы көміртектің гликозидты атомына қосылса - бұл туындыларды гликозиламинамдар немесе N-гликозидтар деп атайды.
Суда жақсы еритін кристалдық заттар. Аминдар мен Моносахаридтарға ұқсас қасиеттері бар. Негіздердің қасиеттері қатты білінеді, тұздар түзеледі. Сілтілер мен азот қышқылымен әрекеттескенде дезаминированиені бақылаймыз..
Аминқанттарға d-глюкозамин, d-галактозамин, d-маннозамин жатады. Бұлар табиғи қанттардың молекуласындағы гидроксил тобының амин тобымен ауысуы нәтижесінде пайда болады. Бұларда қант молекуласына тән альдегидтік немесе кетондық, бірнеше гидроксилдік топтар және бір-екі амин топтары кездеседі. Аминқанттар жануарлар, бактериялар полисахаридінің күрделі ақуыздары - глюкозидтер, май тәрізді заттарды құруға қатысады және бір ерекшелігі ол - шаяндар мен құмырсқалардың сыртқы қатты қабығы хитин затының құрамына кіреді.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.