Амантоғай ауданы — 1977-1988, 1990-1997 жылдары болған Қазақ КСР-ндегі Торғай облысының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Жалдама ауылы.
Аудан | |
Амантоғай ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
10 а/к (1986) |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
3 657 адам (2009) |
Тарихы
Амантоғай ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Торғай облысының құрамында Амангелді, Арқалық, Державин, Науырзым аудандарының бөліктерінен құрылды. Орталығы алғашында Амантоғай ауылында болып, кейін Жалдама ауылына көшірілді.
1988 жылы 2 маусымда Торғай облысы таратылып, аудан Қостанай облысының құрамына енді. 9 шілдеде Амантоғай ауданы да таратылып, жері көршілес аудандарға қосылды.
1990 жылы 17 тамызда Амантоғай ауданы Торғай облысымен қатар бұрынғы шекарасында қайта құрылып, құрамына Амангелді ауданының Амантоғай, Жалдама, Шақпақ ауылдық кеңестері, Арқалық ауданының Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері, Державин ауданының Қарынсалды ауылдық кеңесі, Науырзым ауданының Бүйректал, Октябрь, Степняк ауылдық кеңестері енді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай облысы екінші мәрте таратылып, аудан Қостанай облысының құрамына қайтарылды.
1997 жылы 17 маусымда Амантоғай ауданы таратылып, аумағы түгелдей Амангелді ауданына қосылды.
Әкімшілік бөлінісі
1986 жылы аудан құрамында 10 ауылдық кеңес пен 21 елді мекен болған:[1]
Ауылдық кеңес | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Амантоғай ауылдық кеңесі | Амантоғай ауылы | Амантоғай, Қаражар, Қарақұдық |
Бүйректал ауылдық кеңесі | Ақсай ауылы | Ақсай, Орловка |
Горняк ауылдық кеңесі | Горняк ауылы | Горняк, Қарынсалды |
Жалдама ауылдық кеңесі | Жалдама ауылы | Жалдама |
Қарынсалды ауылдық кеңесі | Қарынсалды ауылы | Қарынсалды |
Мирный ауылдық кеңесі | Мирное ауылы | Мирное |
Октябрь ауылдық кеңесі | Октябрь ауылы | Октябрь |
Степняк ауылдық кеңесі | Степняк ауылы | Кірпішкөң, Нарөлген, Степняк |
Тасты ауылдық кеңесі | Тасты ауылы | Новое, Приреченское, Тасты |
Шақпақ ауылдық кеңесі | Шақпақ ауылы | Ақкісі, Қоғалыкөл, Чкалово, Шақпақ |
Халқы
1979[2] |
---|
11606 |
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.