Амазон өзенінің дельфині басқа дельфиндерге қарағанда еріншек. Олар 30 жылға жуық өмір сүреді. Бұл дельфин шөбі мол таяз суларда олжасын оңай ұстайды. Сондай-ақ олар таза суда тіршілік етеді. Денесінің үстіңгі жағы - қоңырқай. Құйрық жүзбеқанаты әлсіз болғандықтан, суда тез жүзе алмайды.

Quick Facts Амазон дельфині, Амандық күйі ...
Амазон дельфині
Thumb
Thumb
Амандық күйі
Дерегі жетіксіз (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Кішкентай сабы: Odontoceti
Ұлы тұқымдасы: Inioidea
Тұқымдасы: Iniidae
Тегі: Inia
Түрі: I. geoffrensis
Екі-есімді атауы
Inia geoffrensis
(Blainville, 1817)
Thumb
Close

Аталықтарының ұзындығы 1,5 метрден 3 метрге дейін барады. Ал аналықтары 2 метрге жуық болады. Салмағы шамамен 161 кг дейін жетеді. Амазон дельфині жайын, пиранья және шаянтәрізділермен қоректенеді. Ол Амазон, Венесуэла, Ориноко өзендерінде, сонымен қатар Колумбия, Эквадор, Солтүстік Перу, Бразилия және Боливияда тіршілік етеді. Амазон өзенінің бойын мекендейтін халықтар арсында осы бір дельфин жайлы аңыз-әңгімелер өте көп. Амазон өзенінің дельфині мамыр-шілде айларында, cу деңгейі көтерілгенде көбейеді. Олар жақсы көреді, сондай-ақ есту қабілеттері де жақсы дамыған. Одар өздерінен ерекше ультрадыбыс шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдау арқылы өз жемтігін табады.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.