From Wikipedia, the free encyclopedia
Амазонкалар — ежелгі грек мифтеріндегі жауынгер әйелдер. Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағында, Кавказ, Трапезунд, Азу таулары маңында өмір сүрген. Кейбір деректерде амазонка сөзі “омыраусыз, емшексіз” дегенді білдіреді.[1] Қару-жарақ ұстауға қолайлы, әсіресе, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп, жас кезінде қыздардың оң жақ омырауын күйдіріп не кесіп тастаған. А. шапқыншылық жорықтар жасап, бірте-бірте Қара т-дің солт. жағалауына, Кіші Азияға, Фракия мен Аттикаға, Африканың оңтүстігіне дейін жеткен. Страбо — : Амазондардың негізгі қаруы жақ, садақ, ай пішінді қалқан болған. Дулығасынан бастап бүкіл киімдері аң терісінен тігілген. Садақты алға да, артқа да бірдей ататын мерген болған дейді. Кейбір зерттеушілер (Ә.Қоңыратбаев т.б.) қарақалпақ халқының “Қырық қыз” эпосы мен грек мифтеріндегі Амазондар арасында ұқсастық бар деген болжам айтады. [2]; [3] Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша олар сарматтарға (савроматтарға) ұқсас келген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.