From Wikipedia, the free encyclopedia
Сэр Альфред Джозеф Хичкок (ағылш. Sir Alfred Joseph Hitchcock; 13.08.1899 - 29.04.1980) - британдық және америкалық кинорежиссёр, продюсер және сценарийшы. 1939 жылға дейін Ұлыбританияда жұмыс істеген, содан кейін АҚШ-та. Триллер жанрындағы аса танымал кинорежиссер. Өмірінің соңғы жылдарында армандаған Американдық кино институтының статуэткасын және ІІ Елизавета қолынан рыцарлық атақ алған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Хичкоктын арғы атасы Чарльз Хичкок қарапайым балықшы, Лондон қаласының маңында тұрған. Оның баласы Джозеф, әкесі және басқа да ұлдары балық аулаумен айналысқан. 1851 жылы ол Энн Махони есімді бойжеткенмен тұрмцыс құрады. Отбасын құрған соң Хичкок өз кәсібін өзгертіп, жеміс-жидек, көкқніс сатумен айналыса бастайды. Джозеф пен Эннның тоғыз баласы болғаны белгілі. Әкесінің кәсібін тек АЛьфред және Уильям қабылдап, жал,астырады- оның ішінде Алфред Хичкоктың әкесі. 1887 жылы Уильям Хичкок Эмми Джейн Уилэнмен отбасын құрады. 1890 жылы отбасындда үлкен қуаныш болады: дүниеге тұнғыштары Уильям келеді(есімі әкесінің құрметіне қойылады), ал соан екі жылдан соң қыздары Эллен дүниеге келеді. (Сэр) Альфред Хичкок отбасындағы үшінші бала болып 1899жылдың 13 тамызында Лейтонстоун қалашығында, The High Road көшесі, 517 үйде дүниеге келеді. 1910-1913 жылдар аралығында Қасиетті Игнатий колледжінде білім алады. Онда: математика, ағылшын тілі, француз тілі, ән айту, этика сияқты пәндерден дәріс алады.1914-1915 жылдары Хичкок Инженерлік мектепке оқуға түседі. Онда ол: механика, акустика, бағдарлау дәрістерін ала бастайды. Онымен қоса Хичкок Лондон университетіндегі өнер курстарына барабастайды. 1914 жылдың желтоқсан айында Хичкоктын әкесі көз жұмады. 1915 жылы, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хичкок өз қалауымен әскер қатарына қосылады. Алайда, артықсалмағының есебінен оны резервті бөлімге алады. 1920 жылдан бастап Хичкок киностудияда электрик болып жұмыс атқарады. Кейін реклама бөлімінің суретшісі болып жұмысқа орналасады. Дәл сол жылы ол Famous Players-Lasky кинокомпаниясына титрлік дизайнер болып қызмет атқарады. 1922 жылы Хичкок сорежиссер ролінде " Жұбайына әрдайым айт" атты кинокартина, және " Номер 13"(аяқталмаған) екі картина түсіреді. 1923 жылы " Әйел әйелге" фильмі түсіріле бастайды. Сол жылы өзінің жұмысындағы танысы Альма есімді қызбен тұрмыс құрады. 1925 жылы Хичкок " Ләззат бағы" атты өзінің тұңғыш жеке киносын түсіреді. 1926 жылы алғашқы триллері "Тұрғын" киносы жарық көреді. 1928 жылдың 7шілде айында Хичкоктың жалғыз қызы- Патриция Хичкок дүниеге келеді( кейінде актриса болады). 1934жылы " Тым көп білетін адам" киносы жарық көреді және ең танымал 6 фильмдер қатарына кіреді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Alfred Hitchcock |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.