From Wikipedia, the free encyclopedia
Альпинизм — спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Атауы Еуропа құрлығындағы «Альпі» тау(қолжетпейтін сілтеме) ынан шыққан. Алғаш 1786 жылы швейцарлық Мишель-Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 жылы 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м) көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қазыбек Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын бағындырды.
Альпинизм - 1) биік тау шыңдарына шығумен байланысты спорт түрі;
2) биік таулық туризм. Альпинизмнің тәсілдері мен техникасы биік таулы аудандарда географиялық зерттеулер жүргізгенде, құрылыстар салған кезде және тағы да басқалары қолданылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.