![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/ALB_structure.png/640px-ALB_structure.png&w=640&q=50)
Альбуминдер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Альбуминдер – молекулалық массалары жоғары емес, қарапайым глобулярлы ақуыздар; жануарлардың және өсімдіктердің қарапайым глобулярлы ақуыздары; суда тұздар, қышқылдар және негіздер ерітінділерінде жақсы ериді, қышқылдарда және сілтілерде араластырылады; аммоний сульфатының ерітіндісімен қанықтырылу кезінде тұнады. Альбуминдер жұмыртқа ақуыздары қан сарысуының, сүттің, өсімдіктің, жапырақтарының және тұқымдарының және т.б. құрамында болады. Олар ағзаның резервтегі негізгі ақуыздары олар рН қанның осмотикалық қысымына көмекші ретінде маңызды рөл атқарады. Альбуминдердің жиынтық қалыптастыра алу қабілетінің арқасында қанға дәрумендер, кейбір гормондар майлы қышқылдарды әкеледі.[1]
Ерітіндіні аммоний сульфатымен 50%-дан жоғары қанықтырғанда альбуминдер тұнбаға түседі. Альбуминдер сүт құрамында (лактальбумин), жұмыртқада (овальбумин), өсімдік дәндерінде, т.б. кездеседі. Альбуминдер – организмнің негізгі қор ақуызы. Сонымен қатар дәрумендермен, микроэлементтермен, гормондармен кешенді байланыс түзіп, оларды бүкіл организмге тасымалдайды.[2][3]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/ALB_structure.png/320px-ALB_structure.png)