From Wikipedia, the free encyclopedia
Алматы әкімдігінің ғимараты — Алматы қаласында орналасқан әкімшілік құрылым. Іргетасы 1973 жылы қаланған ғимарат 1980 жылы аяқталған.[1][2] Бұған дейін Қазақстан Коммунистік партиясы Комитетінің және Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы ретінде қолданылған.
Алматы әкімдігінің ғимараты | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Түрі |
Әкімдік ғимарат |
Сәулет стилі |
кеңестік сәулет |
Қолданылуы |
Алматы әкімі |
Мекен жайы | |
Орналасқан қала | |
Құрылысы басталды |
1973 |
Құрылысы аяқталды |
1980 |
Жөнделген уақыты |
|
Техникалық сипаттамасы | |
Диаметрі |
35.000 |
Дизайны мен құрылымы | |
Сәулетшісі | |
Картада орналасуы | |
|
1970 жылдары «Алма-Атагипрогор» институты Қазақ АКСР-нің астанасы Алматының жаңа жоспарын жасауға кірісті.[1] Қала орталығын Абай көшесінен Байсейітова көшесіне көшіру арқылы жаңа әкімшілік ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Ұсынылған жоспарлардың ішінде 25 жастағы Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтақаевтың жобасы қабылданып, 1973 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған.[1] 1980 жылы салынып біткен ғимаратты 1991 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті, ал 1991 мен 1994 жылдар аралығы Қазақстан Президенті қолданған.[3] 1999 жылдың ортасынан бері Алматы әкімдігінің ғимараты боп қолданылып келген.
2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары кезінде наразылық білдірушілер өрт салғанда ғимарат толығымен өртеніп, жарамсыз болып қалды.[4][5] Ғимаратқа үлкен залал тигендіктен жөндеу жұмыстары басталды.[6] Бастапқыда қалпына келтіру жұмыстары шамамен 5-6 айға созылады деп хабарланды.[7] Алайда кейінірек жөндеу жұмыстары 2023 жылғы Наурыз мейрамыда аяқталады деп жарияланды.[8]
Ғимарат жеті қабаттан тұрады және кеуексаз бетон қабырғалық панельдері бар құрама темірбетоннан жасалған конструкция.[1] Ғимараттың сырты Маңғыстаулық әктас пен мәрмәрден қаптаған. 1982 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласының атқару комитетінің шешіміне сәйкес ғимаратқа ескерткіш мәртебесі берілді.[1] 2012 жылы жылу жүйесі мен электр инфрақұрылымы жаңартылды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.