From Wikipedia, the free encyclopedia
Алмаарасан минералды суы – Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы жер асты суы.[1]
Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Құрамы мен емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термальды суларға жатады. Диорит жыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3. Суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуі сульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Бұл төңіректе 1951 – 53 жылдары 5 ұңғыма бұрғыланған, олардан тәулігіне 520 – 525 м3 су өздігінен атқылап шығады. Судың температурасы 33 – 38°С, минералды 0,3 г/л, химиялық құрамы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40 – 75 мг/л), фтор (3,6 – 6 мг/л), күкіртті сутек (0,58 мг/л), радон (9 – 13 эман) тәрізді биологиялық активті құраушылары бар. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан «Алмаарасан» санаторийі жұмыс істейді.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.