азаматтары немесе Алжир тұрғындары From Wikipedia, the free encyclopedia
Алжирлықтар — Алжир арабтары, Алжирдің негізгі халқы. Саны 32 миллионнан асады.[1]
Араб тілінің алжир диалектісі магриб диалектілері тобына кіреді. Француз тілінің алжир нұсқасы да кең таралған.[2]
Алжирлықтардың көпшілігі мұсылман-сүнниттер[3], (маликиттер мен ханафилер). Сонымен қатар иудаизмді ұстанушылар да бар.
Отырықшы халықтың негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (бидай, арпа, жүгері, цитрустық жемістер, жүзім, зәйтүн), мал шаруашылығы. Көшпелі малшылар бар. Тау-кен өнеркәсібі, мұнай және газ өндіруде жұмыс жасайды. Алжир арабтарының 2/3 бөлігі қалаларда тұрады. Алжир арабтарының дәстүрлі баспанасы тастан, алебастрдан, пальма ағашынан жасалған.
Алжирліктер үшін ислам ең алдымен әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыратын этикалық нормалар мен құндылықтар болып табылады. Оның әсері мен қатысуы әсіресе туу, некеге тұру немесе өлім сияқты өмірдегі маңызды сәттерде айқын көрінеді. Содан кейін бұл отбасыларды, руларды, тайпаларды және бүкіл халықты біріктіретін дін.[4]
Әйелдердің дәстүрлі костюмі – қысқа кең жібек немесе атлас шалбар, жеңі белге дейін тарылған кең болеро, кең ұзын көйлек – гандура. Ерлер костюмі – кең шалбар, мақта жилет, кестелі кафтандар. Тақиялардың пішіні мен түсі әр аймақта әртүрлі. Еуропалық киім қалаларда таралуда.[5]
Тағамы басқа арабтардың дәстүрлі тағамына ұқсас. Ет тағамдарының ішінде танымалы - таджин, шорба көжесі, шакшука деликатесі. Алжирде көптеген адамдар балық пен теңіз өнімдерін жақсы көреді. Бірақ десерттер одан да көп сұранысқа ие. Бал немесе сироп себілген печенье, компот қосылған жарма торттары, кілегейлі жаңғақ торттары.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.