Алексей Викторович Щусев (8 қазан, 1873, Кишинев қаласы – 24 мамыр, 1949, Мәскеу қаласы) – архитектор, КСРО-ның еңбек сіңірген архитекторы (1930), Санкт-Петербург Көркемсурет академиясының (1910) және КСРО ғылым академиясының (1943) академигі.
1891 – 97 жылдары Санкт-Петербургтің Көркемсурет академиясында (Л.Н. Бенуа мен И.Е.Репиннен) оқыған.
1897 – 98 ж. Италия, Тунис, Англия мен Францияны аралап, Париж қаласындағы Жюлиан академиясында суреттен дәріс алды. “Жаңа Мәскеу” жобасының бас архитекторы (1918 – 25),
Мәскеу архитекторлары қоғамының төрағасы (1922 – 29),