Александр Невский (фильм)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алекса́ндр Не́вский — 1242 жылы 5 сәуірде Чудск өзенінде Тевтонск ордені рыцарльларымен болған соғыста жеңіске жеткен ежелгі орыс князі туралы кеңес тарихи киносы. Ол 30 жылдардағы кеңес тарихи киноларының қатарына жатады. Сергей Эйзенштейннің ең жақсы жұмыстарының бірінен саналады. Фильмге музыканы атақты композитор Сергей Прокофьев жазған болатын.
«Александр Невский» кинотеатрларда 1938 жылы пайда болды, үлкен жетістікке жетті. Сергей Эйзенштейн Сталин сыйлығына және диссертация қорғауынсыз өнертану докторы атағына ие болды. 1941 жылы, Ұлы Отан соғысы басталғаннан соң «Александр Невский» экрандарға оралып, тағы да жетістіктерге жетті.