Александр Ляказетт (фр. Alexandre Lacazette; 28 мамыр 1991, Лион, Франция) — француз футболшысы, "Арсенал" және Француз ұлттық құрамасының шабуылшысы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Ляказетт Александр |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
28 мамыр 1991 (1991-05-28) (33 жас)
|
---|
Туған жері |
Лион, Франция
|
---|
Азаматтығы |
Франция
|
---|
Бойы |
175 см
|
---|
Салмағы |
73 кг
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Арсенал
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Александр Ляказет 12 жасынан бастап "Лион" жасөспірімдер командасы жүйесіне енген. Негізгі құрамадағы сынға түсуі 2010 жылы 5 мамырда "Осерге" қарсы матчта болды
"Лион" құрамасында ең алғашқы голын 2010 жылы 30 қаңтарда (чемпионаттың 11-ші турында) "Сошоға" қарсы матчта. Чемпиондар Лигасында Ляказзет 2010 жылы 2 қарашада "Бенфикаға" қарсы матчта сынға шықты. Матчтың 71-ші минутында ойынға шығып, шабуылшы матч бойы 2 рет гол салуға пас бере алды. Осыдан кейін, лондондық "Тоттенхэм" клубының қызығушылығы арта түсті. Өзінің чемпиондар Лигасындағы 2010 жылы 7 желтоқсандағы екінші ойынында Ляказзет тель-авивтік "Хапоэльге" гол соғып, соңғы (2:2) есебін орнатты.
2016 жылы 14 тамызда "Нанси" командасына қарсы матчта өзінің ең алғашқы хет-тригін орнатты.
Түрлі жастарда Франция ұлттық жасөспірімдер құрамасына үлес қосты.Франция ұлттық құрама сапында (19 жасқа дейін) Еуропа чемпионатына қатысып, ойналған 5 матчта 3 гол соқты, сонымен қатар Испания ұлттық құрамасына қарсы матчта шешуші голды соқты. Қазіргі уақытта құрама сапында 6 матч ойнап, 1 гол соқты. [1]
Командалық
Лион
- Франция кубогының иегері: 2012
- Франция Суперкубогының жеңімпазы: 2012
Арсенал
Франция Құрамасы
- Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы (19 жасқа дейін): 2010
- Франция чемпионатының үздік ойыншысы: 2015
- Франция чемпионатының үздік мергені: 2015