From Wikipedia, the free encyclopedia
Александр Дмитриевич Цюрупа (1870 жыл 19 қыркүйек, Херсон — 1928 жыл 8 мамыр , Қырым, Украина) – кеңес мемлекет және партия қайраткері, 1898 жылдан Коммунистік партия мүшесі.
1887 жылы Херсон ауыл шаруашылық училищесіне түсті. 1891 жылы оқушылардың марксистік үйірмесін құруға қатысты. 1893 және 1895 жылы тұтқынға алынды. 1900 жылы Уфада В. И. Ленинмен танысты. «Искраның» агенті. 1901 жылы Харьков (РСДЖП комитетінің мүшесі), Тула, Тамбов губерниясында революциялық жұмыс жүргізді.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін РСДЖП Уфа біріккен комитеті төралқасының, жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің, әскери-революцияның мүшесі, Қазан социалистік революциясынан кейін РСДЖ(б)П Уфа комитетінің мүшесі. 1917 жылы қарашада Лениннің ұсынуымен РКФСР Халкомсовы мен Еңбек және Қорғаныс советі төрағасының орынбасары, Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомы (1922 – 23) қызметін қоса атқарды. 1923 – 25 жылы КСРО Мемлекет Жоспарлау комиссиясының төрағасы. 1925 жылдан КСРО сыртқы және ішкі сауда халық комитеті, 1923 жылдан партияның ОК мүшесі. Партияның 10, 12 – 15-съездерінің делегаты.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.