From Wikipedia, the free encyclopedia
Алгоритм, кейде алгорифм (Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — математикада және ақпараттануда кездесетін негізгі ұғымдардың бірі, алдын-ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісі. Есептеу үрдісі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі.[1]
Яғни алгоритм — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алгоритмді орындаушы — адам, Компьютер немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.[2]
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:
Алгоритмді жазу формалары:
Әдетте, бастапқыда (идея деңгейінде) алгоритм сөзбен сипатталады, бірақ іске асыруға жақындаған сайын ол орындаушыға түсінікті тілдегі формалды контурлар мен тұжырымдарды көбірек алады (мысалы, машиналық код).
Алгоритмдерді талдаудың негізгі әдістері:
Бағдарламаны жасау алдында көбінесе сөздік-формулалық және блок-схемалық әдістер қолданылады. Сөздік-формулалық әдісте алгоритм әрекеттер тізбегін анықтайтын, құрамында формулалары бар мәтіндік түрде жазылады. Блок-схемада бағдарламадағы барлық тармақтар, циклдар және ішкі бағдарламалар болуы қажет.
Алгоритмдеу (Алгоритмизация) - 1) есеп (мәселе) шешудің бір кезеңі. Бұл кезде есептің шарты және соңғы нәтижеге қойылатын талаптар негізінде алгоритм құрылады; 2) ақпараттанудың алгоритм құру-жасау әдістері мен тәсілдерін және олардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
Алгоритмді орындау (Реализация алгоритма; realization of algorithms) — компьютерде алгоритмдердің программаларға түрленуі. Осы түрлену процесі программалау деп аталады. Алгоритм термині адамзат қызметін жеке элементарлық әрекеттер мен процедуралардың дәйекті тізбегі түрінде ұсыну үшін пайдаланылады.
Алгоритм икемділігі (Гибкость алгоритма; algorithm flexibility) — алгоритмнің кірістік мәліметтер өзгергенде, есептің мазмұнын өзгертпей жұмыс істеу қасиеті.
Алгоритмдік артықтық (Алгоритмическая избыточность; algorithmic redundancy) — мәселені шешу алгоритміне қосылған, жойылуы нәтижеге осер етпейтін қосымша қүралдар. Ол нәтижелердің ақиқаттығын арттыруға пайдаланылады.
Алгоритмдерді оңтайландыру (Оптимизация алгоритмов; algorithm optimization) — алгоритмдерді эквиваленттік жолмен түрлендіру арқылы алгоритмдер мен есептеу процестерінің сипаттамаларын жетілдіру.
Алгоритмдік (есептеу) сенімділік (Алгоритмическая (вычислительная) надежность; algoritmic (calculation) reliability) — жұмыс істеу жағдайлары өзгерген кезде алгоритмнің (программаның) өз міндеттерін орындау қабілеті.
Алгоритмнің блок-схемасы (Блок-схема алгоритма) — ескертулері көрсетілген бейнесызбалық белгілер түрінде берілген компьютерге арналған программаның немесе есеп шешу алгоритмінің шартты кескіні. Ол программаның (есептің) құрылымын және ақпарат өңдеу процесінің жалпы тізбектілігін анықтауға арналған.[3]
Бастапқы мәліметтердің және кейбір нәтижелердің болуы
Алгоритм – нақты анықталған нұсқау, ол бастапқы мәліметтерге ретімен қолданылып, мәселенің шешімін ала алады. Әрбір алгоритм үшін кіріс мәліметтері ретінде қабылданатын объектілердің белгілі бір жиынтығы бар. Мысалы, нақты сандарды бөлу алгоритмінде бөлінгіш кез келген нәрсе болуы мүмкін, бірақ бөлгіш нөл болуы мүмкін емес.
Алгоритм, әдетте, белгілі бір мәселені емес, белгілі бір есептер класын шешуге қызмет етеді. Осылайша, қосу алгоритмі кез келген натурал сандар жұбына қолданылады. Бұл оның жалпылық сипатын, яғни бір кластағы кез келген есеп үшін бір алгоритмді қайталап қолдану мүмкіндігін білдіреді.
Алгоритмдер мен бағдарламаларды жасау үшін алгоритмдеу қолданылады – берілген қолданбалы есептерді шешу үшін алгоритмдерді жүйелі түрде құрастыру процесі. Алгоритмдеу бағдарламаларды жасау және компьютерде есептерді шешу процесінің міндетті кезеңі болып саналады. Қолданбалы алгоритмдер мен бағдарламалар үшін детерминизм, тиімділік және жалпылық, сондай-ақ тағайындалған есептерді шешу нәтижелерінің дұрыстығы маңызды болып табылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.