From Wikipedia, the free encyclopedia
Албан Асан Бәрменбекұлы (1866-1916, Райымбек ауданы, Үшқақпақ қыстағы) — ақын. Албан руынан шыққан, қырғыз өңірінде бала оқытып, шөкірт тәрбиелеп, модда атанған. Оның "Жеті қисса" деген толғауын Ілияс Жансүгіров "Жаңа мектеп" журналына (1926, № 9-10) жариялаған. Кейін 1934 ж. "Ақыр заман" деген жеке жинағын шығарды. Ақын өмірінің соңына дейін өз заманының әлеум. теңсіздіктерін, Ресейдің отарлау саясаты салдарынан жерінен айырылған ел-жұртының мүң-зарын өлендеріне арқау етті. Бұл орайда Албан Асан жырлары Шортанбай, Мурат, Дулат, Кердері Әбубәкір шығармаларымен үндес. Туындылары мерзімді баспасөз беттеріңде, "Элем" аль-манағында (1991), "Қазақ поэзиясының антологиясында" (1993), "20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" (1994) жинақтарында жарияланды. Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылының мектеп-гимназиясына Албан Асан есімі берілген. Осы ауылда ескерткіші бар.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін үлгі-инфобокс енгізу қажет. Үлгі-инфобокс орнатқаннан кейін бұл үлгіні аластатыңыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.