Аларих І (Alarіcus, Alarіsh) (шамамен 370 – 410 жылдары) – вестготтардың королі (395 – 410 жылдары). Балкан түбегіне басып кіріп, Афинаны жаулап алды, Коринф, Аргос, Спартаны талқандады. 396 жылы Шығыс Рим императоры Аркадий Аларих І-мен бітім жасасып, оған Иллирика аймағындағы армияның магистрі атағын берді (396 жылы). Аларих І ол жерге Вестготтарды орналастырды. 401 жылы Италияға басып кірді, бірақ Рим қолбасшысы Стилихон оны шегінуге мәжбүр етті. 408 жылы Италияға екінші рет шабуыл жасап, үш рет Римді қоршады (ежелгі авторлар қоршаудағы Римнен көптеген құлдардың Аларих І-нің әскеріне қосылғанын жазады), 410 ж. 24 тамызда “Мәңгі қаланы” алып, оны 3 күн бойы талан - таражға салды. Варварлардың Римді басып алуы замандастарына үлкен әсер етті. Бұл – варварлардың Батыс Рим империясын түпкілікті жаулап алуының бастамасы болды Аларих І Сицилия мен Африкаға жорық жасауға дайындалып жатқанда Оңтүстік Италияда қайтыс болды. [1]
Сілтемелер
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.