![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a5/Acrocanthosaurus_restoration.jpg/640px-Acrocanthosaurus_restoration.jpg&w=640&q=50)
Акрокантозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Акрокантозавр – Солтүстік Америка аумағында тіршілік еткен кесірткежамбасты динозавр. Ол біздің заманымызға дейін 115 – 105 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Антарктидадан басқа құрлықта Триас дәуірінің орта шенінен Бор кезеңіне дейін тіршілік еткен. Акрокантозаврдың өткір әрі жіңішке 68 тісі бар, бас сүйегінің ұзындығы 1,4 м болатын ірі жыртқыш. Басынан бастап, құйрығының ұшына дейін орналасқан кішкентай, желкен тәрізді өсінділерінің ұзындығы – 31 см. Алдыңғы аяқтарының тырнақтары “орақ” тәріздес. Акрокантозаврдың артқы ұзын екі аяғы күшті болған.
Акрокантозавр туралы қызықты деректер
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/Acrocanthosaurus_skeleton.jpg/320px-Acrocanthosaurus_skeleton.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a5/Acrocanthosaurus_restoration.jpg/640px-Acrocanthosaurus_restoration.jpg)
- Ұзындығы 9 – 12 м, салмағы 2300 келі, етпен қоректенген.
- Акрокантозаврдың аяқтары тиранозаврдың аяқтарына қарағанда қысқа.
- Басы – үлкен, жақ сүйектері сопақтау болған.
- Акрокантозаврдың қаңқасы АҚШ – тың Оклахома, Аризона, Техас, Юта, Мэриленд штаттарынан табылған.
- 1950 жылы палеонтологтар Акрокантозавр қаңқасының бөлшектерін тауып, оларды “Стовел” және “Ленгстон” деп атаған.[1]
Дереккөздер
- Динозаврлар энциклопедиясы
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |