Акридин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Акридин (C13H9N) — ашық сары түсті ароматты гетероциклді қосылыс; балқу температурасы 111°С, қайнау температурасы 346°С, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Тас көмір шайырының құрамында кездеседі. Дифениламинді құмырсқа немесе қымыздық қышқылымен конденсациялау арқылы синтездеп алады. Металдар жемірілуінің тежегіштері, озонды анықтайтын реактив ретінде, бояғыштар, дәрілер, тағы басқа өндіруде қолданылады.[1]