Айқас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Айқас, әскери істе — соғысып жатқан екі жақтың бетпе-бет келген шақта қоян-қолтық шайқасқа түсуі. Айқас негізінен отты қару жаппай қолданылғанға дейінгі ұрыстардың, әсіресе атты әскерлер соғысының бір тәсілі болды. Жеке батырлардың жекпе-жегі де айқас түрінде өткен. Әскерлерде отты қару көбейген сайын, әсіресе атты әскер қарулы күш санатынан шығарылғаннан кейін айқас ұрыс тәсілі ретінде ығыстырыла түсті. Тарихтағы соңғы соғыстарда бетпе-бет айқас лажсыз, төтен жағдайларда болмаса, бұрынғыдай көп орын ала қоймаған.[1] [2]