From Wikipedia, the free encyclopedia
Тәжібаева Айманкүл (1888, Қараөзек ст. – 28.11. 1952, Алматы) – халық ақыны, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. Әуезов Тәжібаевтың анасы. 7 жасынан бастап ауыл молдасынан хат танып, парсы, шағатай тілдерінде жазылған дастандарды оқиды, насихаттайды. Қазақ ауыз әдебиетін жетік білген. Алғашқы өлендерінің бірі - 1915 жылы күйеуі Тәжібайдың қазасына шығарған жоқтауы. «Анадаусы» (1948), «Ана сыры» ( өлең-жыр жинақтары жарық көрді.[1] Әуезовті өмір бойы құрметтеп, сыйлап өткен, талантына тәнті болған. Ұлы жазушы «Әбділда Тәжібаев» деген мақаласында Айманкүлдің өмірбаянынан біраз мағлұмат бере келіп:
«Далдабай өз баласы болмай, жиені Айманкүлді бесіктегі бала кезінде бала қылып, бауырына салып өсірген. Айманкүлді оқытушы Ділдәхан молда Бухарада отыз жыл оқып қайтқан, ескі медресе тәрбиесі бойынша көп білім алған кісі деп саналатын. Айманкүлдің кітап оқығыштық мінезін құптаған Ділдәхан молда өзі әбден қартайған шағында «ең жақсы шәкіртім осы» деп, бар кітапханасын Айманкүлге сыйлайды»
деп, болашақ ақын қыздың тәлім-тәрбие алған ортасынан хабар береді.
«Осы шығармаларды Айманкүл өзі оқып, жұртқа тыңдатумен қатар, баласының санасына ақындыққа құмарлықты еге жүреді».
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жарияланған. Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. Т-ның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.