From Wikipedia, the free encyclopedia
Айзек Азимов[2]. (ағылш. Isaac Asimov, туған кездегі аты Исаак Ю́дович Озимов; 02.01.1920,Петровичи, Смоленск облысы, Ресей — 06.04.1992, Нью-Йорк, АҚШ) - америкалық жазушы, фантаст. 500-ден астам кітап жазған, англо-америкалық дәстүрде "Үш үлкен" жазушыларының бірі болып саналады (Артур Чарльз Кларк пен Роберт Хайнлайнмен бірге)[3][4]. Мамандығы - биохимик.
Айзек Азимов | |
Isaac Asimov | |
Айзек Азимов, 1965 жыл | |
Туған кездегі есімі |
Исаак Юдович Озимов[1]. |
---|---|
Лақап аты |
Пол Френч (Paul French) |
Туған күні | |
Туған жері |
Петровичи, Смоленск обл., РКФСР (қазіргі Шумяч ауд., Смоленск обл.,Ресей |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Нью-Йорк, АҚШ |
Азаматтығы |
Үлгі:USA |
Ұлты | |
Мансабы |
жазушы, фантаст |
Шығармашылық жылдары |
1939–1992 |
Жанры |
ғылыми фантастика |
Дебюті |
"Marooned Off Vesta", |
Марапаттары |
Хьюго Премиясы, Небьюл Премиясы |
Қолтаңбасы | |
Isaac Asimov Home Page |
Смоленск маңындағы Петровичи деген жерде диірменші еврейлердің[5][6] отбасында дүниеге келіп, 1923 ж. әке-шешесімен бірге АҚШ-қа қоныс аударады. Колумбия университетінде 1939 ж. бакалавр, 1941 ж. магистр болды.
1942 ж. Филадельфияға көшіп кетіп, сол жерде әскери кеме жасайтын орында химик болып жұмыс істеген. Сол жерде Роберт Хайнлайнмен танысты. 1942 ж. ақпан айының Валентин күні өзінің болашақ әйелі Гертруд Блюгерманмен (ағылш. Gerthrude Blugerman) танысты. Ол некеден ұлы Дэйвид (ағылш. David) (1951) және қызы Робин Джоэн (ағылш. Robyn Joan) (1955) дүниеге келеді.
1945-46 ж. әскерде болып, содан кейін білім алуын жалғастырып, 1948 ж. аспирантураны бітіреді. 1949 ж. Бостон университетінде сабақ беріп, 1955 ж. доцент болады. 1979 ж. профессор атағына ие болады.
1970 ж. біріші әйелімен ажырасып, Джэнет Опал Джеппсонмен (ағылш. Janet Opal Jeppson) бірге тұрып, 1973 ж. оған үйленеді.
1992ж. 6 сәуірде жүрек және бүйрек жетімсіздіктен (ЖИТС фонында, ЖИТС-қа 1983 ж. жүрекке операция жасаған кезде ұшыраған) қайтыс болды.
Биоэнергетика, астрономия, физиология, математика, физика, химия жөніде жастарға арнап ғылыми-көпшілік жанрында жазған көп очерктері де бар[7].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.