Айдаршөп (Corуdalіs) – көкнәр тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта (мысалы, ірі гүлді айдаршөп).[1]
Жетісу өңірінде және Қазақстанның басқа аймақтарында 19 түрі өседі (оның ішінде көп кездесетіні — Ледебур айдаршөбі, Галлер айдаршөбі). Тамыры ірі, шар тәрізді немесе ұзынша түйнек түрінде болады. Оның әр жерінен жанама тамырлар тарайды. Сабағының топырақ астындағы бөлігі ұзын, сыртын түк басқан. Жапырақтары үш салалы, бүтін жиекті немесе қауырсынды, екі рет тілімделген. Жемісі — қынап тәрізді немесе кеңейген, көп тұқымды қауашақ. Бұлар, не¬гізінен, бал беретін және сәндік өсімдіктер. Айдаршөптің тамыр түйнегінде алкалоид болады, одан дәрі алынады.[1] Айдаршөптің ішінде ең сирек кездесетін реликті түрі — Семенов айдаршөбі. Оның биіктігі 35-75 см. Бұтақтанған цилиндр тәрізді тамыры бар. Қауырсын тәрізді тілімденген ірі жапырақтары сабаққа кезек орналасады. Ақшыл сары түсті гүлі тығыз, шашақты гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2] Айдаршөп - гүлі сары, күлгін қызыл, сия көкнемесе көгілдір түсті,сабағы бұтақты немесешөптесін көпжылдық өсімдік. Гүлі тез түсіпқалатын 4 күлтеден тұрады.2 күлтесі жоғары,2 күлтесі төмен қарап тұрады. Бұл гүлдердікөбінесе альпі шоқысына немесе үлкенағаштардың түбіне егеді.Бойының биіктігі10-20см. Күннің мол түскен сәулесін жәнеқұнарлы, жұмсақ топырақты ұнатпайды. Жиікөшеттеген де зиян. Топырағының ылғалдыжәне көлеңкеде өскенді қалайды.Көбейткен- де аналық үлкен көшеттердің түбін бөледі.Топтап еккен жағдайда жайқалып әдемікөрінеді. Еліміздің көгалдандыруында сирекқолданылады. Бұл өсімдікті білікті гүлпаздармен ботаника бақтарынан ғана көругеболады.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.