From Wikipedia, the free encyclopedia
Айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula) - ерекше реңді, орташа денелі (0,55-1,4 кг) сүңгуір үйрек.
Айдарлы сүңгуір | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Male/Female
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Aythya fuligula (Linnaeus, 1758) |
Аталығының қар реңді жабын қауырсынының аясында аң тусті қапталы мен бауыры қарама-қарсы түспен ерекше бөлініп көзге түседі, басында ұзын айдары болады. Аналығының айдары онша үлкен емес, ал ақ түсті қаптал мен бауыры - қызғылтсары қоңыр, қанатындағы «көзтартарлары» бүкіл қанатты жабады - ұзын және ақ түсті болып келеді.Ұялары суға жақын орналастырылады. Салындыдағы 6-13 күңгірт зәйтүн түстес жұмыртқаларды аналық жалғыз өзі 3,5 аптаға жуық басады. Аталықтар бұл кезде тізбектелген ұзын топтар түзеді. Айдарлы сүңгуірлер жануартекті азықтармен қоректенеді. Олардың тәуліктік азығы негізінен ұлулар, хирономид және инелік дернәсілдерінен, сондай-ақ су бунақденелілерінен, балық шабақтарынан құралады.
Ұялау орындарында наурызға қарай пайда болады, ал қыркүйекте ұшып кете бастайды. Бүкіл қазан бойы ұшуда болады, дарақтардың бір бөлігі Оңтүстік Қазақстанның суы қатпайтын су қоймаларында қыстап қалады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.