From Wikipedia, the free encyclopedia
Азоқосылыстар - екі көміртек радикалдарымен байланысқан азотобы бар органикалық қосылыстар; бояғыштар, қышқылдық-негіздік индикаторлар ретінде және тағы басқа қолданылады.[1]
Радикалдары көбіне ароматты, кейде алифаттық, тіпті аралас та болып келеді. Бұлардың ішіндегі маңыздысы ароматты азоқосылыстар (мысалы: азобензол) болып саналады. Азоқосылыстар спиртте, эфирде, бензолда, ал құрамында карбоксил және сульфотоптары бар азоқосылыстар суда да ериді. Олар нитроқосылыстарды қалпына келтіру арқылы, сондай-ақ диазоқосылыстардан, тағы басқа әртүрлі жолдармен алынады. Көптеген ароматты азоқосылыстар тоқыма материалдарды, теріні, қағазды, былғарыны, пластмассаларды жақсы бояйды, сондықтан олар өте маңызды синтетик. бояулар — азобояғыштар тобын түзеді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.