Азия жалпаққұлақты жарқанаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas) – қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жататын сүтқоректі[1]. Қазақстанда Азия жалпаққүлақты жарқанаты әзірге 3 жерден: Іле Алатауының шығыс Бартоғай мекеніндегі және Қорам қыстағының маңындағы үңгірден, Жаркент қаласындағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған. Өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 48-53 мм, қанат сүйегінің ұзындығы 42 мм. Арқасы ақшыл, бауыры ақ түсті. Тұмсығы келте, түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат жарғағы қара қоңыр болады. Жылдам әрі мәнерлі ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, 1-2 жарқанат туады. Азия жалпаққүлақты жарқанаты тіршілігінің көп қырлары ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
Азия жалпаққұлақты жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Barbastella leucomelas Cretzschmar, 1826 |