![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/43/Subtraction.svg/langkk-640px-Subtraction.svg.png&w=640&q=50)
Азайту (математика)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Азайту — негізгі төрт арифметикалық амалдардыӊ бірі, қосу амалына кері амал сандардыӊ айырымын анықтайды, «−» таӊбасымен белгіленеді. Екі қосылғыштың берілген қосындысы мен осы қосылғыштың біреуі бойынша екінші қосылғышты анықтауға арналған. Берілген қосынды азайғыш, берілген қосылғыш азайтқыш, ал амал нәтижесі айырым деп аталады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/43/Subtraction.svg/320px-Subtraction.svg.png)
Берілген a санның (яғни азайғышты) b санға (яғни азайтқышқа) азайту нәтижесінде x саны (яғни екі санныӊ айырымы) пайда болады. Азайту амалы орындалған өрнек былайша жазылады:
- x = a — b,
- a — азайғыш,
- b — азайтқыш,
- x — екі санныӊ айырымы.
Азайту амалының нәтижесі: x — екі санныӊ айырымы деп аталады. Азайту амалына барлық сан аймағында (облысында) шектеу жоқ, бір мәнді орындалады.
Азайту амалын теріс сандары бар қосу амалыныӊ бір түрі деп есептесек болады. Мысалы,
- 5-2=3 амалды
- 5 және -2 қосындысы десек болады, яғни
- 5-2 өренгі 5+(-2) өрнегіне тепетеӊ .
Қосу амалын «—» ("минус") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман ұсынған.[1][2]
Дереккөздер
- "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X
- PlanetMath, Subtraction