Адель Лори Блу Эдкинс (ағылш. Adele Laurie Blue Adkins, Адель есімімен танымал; 5 мамыр 1988, Лондон, Ұлыбритания) — ағылшын композиторы, жазушы, поп-джаз/соул, блюз жанрларының әншісі. Британ империясының Ордені (2013) иегері. Он «Грэмми» және «Оскар» марапатының лауреаты (2013).
Адель Adele | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Тоттенем, Лондон, Англия, Ұлыбритания |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
әнші, композитор, жазушы |
Дауыс түрі |
контральто |
Аспаптары | |
Жанрлары |
поп-музыка |
Лейблдері |
Divided By Law Records |
Марапаттары |
Британия Империясының Ордені |
adele.tv |
Адель Эдкинс алғаш рет мектеп сахнасында «Rise» өлеңін орындады. Кейіннен Адель Кройдондағы Өнер көрсету және технологиялық Лондон мектебіне оқуға түсіп, 2006 жылдың мамырында тәмәмдайды. Екі айдан соң PlatformsMagazine.com атты онлайн арт-журналдың төртінші басылымында өзінің екі шығармасын жариялайды.
Алғашқы британдық турнеге Адель 2007 жылы қазан айында шықты. Осы кездері әлеуметтік желілердің бірі MySpace желісінде Адель досына сыйлаған жас шағында жазылған демо-таспасы жарияланған. Осы мерейіне орай, алғашқы контрактын алады. 2007 жылы 22 қазанда шыққан Pacemaker Recordings лейблнде оның дебюттік синглы «Hometown Glory» басылады. Бұл сингл iTunes-та «Апта синглы» деп танылса, ал 2008 жылдың сәуірінде сингл қайтадан «Skins» телехикаясының саундтрегі болуына орай британдық топ-40-қа кіреді.[1].
2012 жылы Адельдің Джеймс Бонд жайлы түсірілген «007: Координаты „Скайфолл“» фильміне «Skyfall» деген атаумен саундтрек жазады.[2]. Пол Эпвортпен бірге жазылған ән «Алтын Глобус» және «Оскар» премияларында 2013 жылдың «Үздік ән» санатында марапатталса[3], «Грэмми» премиясында «Кино, телеарна немесе визуальды қойылымға арналған Үздік ән» номинациясмен марапатталды.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.