From Wikipedia, the free encyclopedia
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталған, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Конституциялық-құқықтық мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:
Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.
Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.