Адамзаттың Африкадан басталу теориясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Адамзаттың Африкадан басталу теориясы, кейде "Африкадан аттану теориясы" (OOA), "Кезектегі тегі-бірлік гипотезасы (RSOH), "орын ауыстыру гипотезасы", "Африкалық ата-тек моделі ((RAO) деп те аталады, — анатомиялық қазіргі адамзаттың (Һомо Сапиенстер) географиялық шығу тегі және ежелгі көшуі жөніндегі негізгі орында тұратын тарихи түсіндіру моделі.[1] Ол бойынша алғашқы адам Африкадан өзге құрлықтарға кеңейген, алғашында Һомо Еректус, кейін Һомо Неандерталдар.
Бұл модель Һомо сапиенстердің таксономиялық мағынадағы бірден-бір жалғыз ата-тегі бар деп есептейді, басқа аймақтардағы анатомиялық заманауи адам белгілерінің параллелді эволюциясы дегенді мойындамайды, дегенмен Еуропа мен Азиядағы Һомо сапиенстер мен архаикалық адамның өзара әр-түрлі араласуын жоққа шығармайды.[2][3][4]
Һомо сапиенстер шамамен 300 000-200 000 жыл бұрын Африка мүйізінде өмір сүрген.[5][6] "Адамзаттың Африкадан басталу" моделі бойынша қазіргі бейафрикалық халықтар шынтуайтында Һомо сапиенстердің сол кездегі Африкадан аттанып шығуынан қалыптасқан.
Мұнда қазіргі адамның "Африкадан аттануының" кем дегенде бірнеше реткі дисперсиялары болған, бәлкім олар 270 000 жыл бұрын аттанып, 215,000 жыл бұрын кем дегенде Грекияға жеткен, әрі 130 000-115 000 жыл бұрын тағы да солтүстік Африканы басып өткен көрінеді. Бұл алғашқы толқындар негізінен 80 000 жыл бұрын жойылып кеткен немесе кері қайтқан секілді.
Аса маңызды «таяудағы» толқын шамамен 70,000-50,000 жыл бұрын аталмыш «Оңтүстік маршрут» арқылы Азия жағалауларына тез таралып, шамамен 65,000-50,000 жыл бұрын Австралияға дейін жетіп барады. (Кейбір зерттеушілер австралиялықтардың Австралияға орналасу датасына күмән келтіріп, адамдардың келуін 50,000 жылдан бұрын деп есептесе, басқа зерттеушілер Австралияның алғашқы қоныс аударушылары Африка көші-қонынан бұрынғы үлкен бір толқын болуы мүмкін, сондықтан олар кейін барғандардың ата-бабасы болмауы да мүмкін деп болжайды). Ал Еуропаға 55 000 жыл бұрын Таяу Шығысты мекендегендердің алғашқы бір тармағы жетіп барған болуы мүмкін.
2010 жылы, тұрғындар генетикасы туралы зерттеулер Еуразия мен Океаниядағы (бірақ Африкада емес) Һомо Сапиенстер мен Архаикалық адамдар өзара қан араластырғаны туралы факттерді ашты. Сөйтіп, негізінен Һомо Сапиенстерден бастау алатын қазіргі бейафрикалық популяциялық топтар шағын деңгейде архаикалық адамдардың жергілікті топтарына қатысты екені белгілі болды.