From Wikipedia, the free encyclopedia
Авитаминоз немесе Адәруменділік - дәруменнің толық жетіспеушілігі.[1]. Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мәселен[2] , «С» витаминінің жетіспеуінен қызыл иек тканінің, ауыз шырышты қабығының қанауынан т. б. белгілерден байқалады. Ел арасында мұндай кеселді құрқұлақ деп те атайды.[2][3]
Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса, басыңыз солқылдап ауыра бастаса, ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспейді деген сөз.Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады.D мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы дәрумендердің азаюынан хабар береді. Сондай-ақ, В15, К, РР дәрумендердің аздығын да өздігімізден анықтау қиынға түседі.
Дұрыс тамақтану. Құрамында дәрумендері көп тамақтарды талғап жеңіз. Мысалы С дәрумені жеткілікті мөлшерде алу үшін күніне 25 стақан таза алма шырынын немесе 4 стақан апельсин не шабдалы шырынын ішу керек. Ал ағзаңызға В1 дәрумені жетіспейтін болса, күн сайын бір келі қара нан мен жарты келі майсыз ет жеген дұрыс. Кальцийдің жетіспеушілігін жойғыңыз келсе, күн сайын 1,5 литр сүт ішкен жөн немесе 300 г. ірімшік жеңіз. Дұрысы - кәдімгі көкөністерден бастаңыз. Әрі оларды сатып алуды қалтаңыз да көтереді. Пияздың құрамында темір, калий басқа да микроэлементтер бар, дәрігерлер ай сайын тамаққа 600-700 грамм пияз қосуы керек дейді.Сәбіз - ең пайдалы көкөніс.Оның құрамында В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар минералды тұз да бар.Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер ете алады. Қызылшаны да көбірек жеңіз. Оның шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз.Авитаминоздың белгілері біліне бастағанда дәрігердің нұсқаулығынсыз көкөністер мен тамақтарды қалай-солай жей беруге болмайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.