Абрам Маркович Черкасский (20.7.1886, Киев қаласының маңы — 17.8.1968, Алматы) — кескіндемеші, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1963)[1].

Киевтің көркемсурет училищесін (1901 — 09, А.А. Мурашко, Н.К. Пимоненкодан), 1917 жылы Санкт-Петербург Көркемсурет академиясын (Н.Н. Дубовскийден, т.б. тәлім алған) бітірген. 1937 — 1940 жылдары Қарағанды қаласында, ал 1940 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, көркем шығармашылық жұмыспен айналысты. Ол қазақтың кең даласын, әсіресе, Алматы қаласының және оның айнала төңірегін, сұлу табиғатын лирикалық сезіммен бейнелеуге ден қойды.

Пейзаждық шығармалары

Пейзаждық шығармалары қатарында “Қайыңдар” (1943), “Айлы соната”, “Алып қарағаштар” (1944), “Кеш. Бәйтеректер” (1945), ”Қысқы Алматы” (1951), “Алатау бөктерінде” (1953), “Сырдария” (1954), “Қарағаштар” (1955), “Соңғы қар” (1957), “Қыс. Шуақты күн” (1958), “Талтүс”, “Қыс көрінісі” (1959), “Гүлге оранған мамыр” (1960), “Көктем”, “Күз көрінісі” (1962), т.б. майлы бояумен кенепке салынған көптеген картиналары бар. Черкасский ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің портреттік галереясын (“Жазушы С.Мұқановтың портреті”, 1942, 1952; “Жазушы М.Әуезовтің портреті”, 1943, 1962; “Қазақ КСР-інің халық артисі Қ.Қуанышбаевтың портреті”, 1943; “Абай Құнанбаевтың портреті”, 1945, 1949; “Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова”, 1946; “Академик Қ.И. Сәтбаевтың портреті”, 1948; “Жамбылдың портреті”, 1950, 1955; “Қазақ КСР-інің халық артисі Қ.Бадыровтың Отелло рөліндегі портреті”, 1953; “Суретші Г.Ысмайылованың портреті”, 1961; т.б.) жасаумен республиканың бейнелеу өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Оның этюд, натюрморт, портрет, жанрлық картиналары ҚР Мемл. өнер мұражайы қорында сақтаулы.

Пед. қызметін 1918 жылдан (1935 жылдан проф.) бастады. Алматы көркемсурет училищесінде ұзақ жылдар бойы дәріс беріп, ұлттық бейнелеу өнері шеберлерін даярлауда көп еңбек етті. Шәкірттері: М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, К.Шаяхметов, Г.Ысмайылова, т.б. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.[2] Өзінің оқытушылық қызметі туралы ол былай жауап берді: «Маған мүлде үйрету керек, маған үйрету де пайдалы, сонымен қатар студенттерге керек»[3].
Черкасский 1945 жылы екі еңбегін: «Абай портреті» (кенеп, майлы бояу), «Абай Құнанбаев» (кенеп, майлы бояу, Абайдың Семейдегі мемл. қорық-музейінің қоры) жазды. Черкасский шығармалары бояуының шынайы үйлесімділігімен, бейнелерінің байсалдылығымен және кейіпкер келбетін дәл беруімен құнды.[4]

Дереккөздер

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.