From Wikipedia, the free encyclopedia
Абзал Темірғалиұлы Құспан (23 ақпан 1978 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық заңгер, қоғам қайраткері, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісінің депутаты.
Абзал Темірғалиұлы Құспан | ||||
Құспан, 2024 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
29 наурыз 2023 жылдан бастап | ||||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Қазақ мемлекеттік заң академиясы | |||
Дүниеге келуі | 23 ақпан 1978 (46 жас) Жаңақала, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО[1] | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
1995 жылы Абзал Құспан дарынды балаларға арналған Орал лицей-интернатын бітірген. 2000 жылы ол Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетіндегі оқуын бітірді.
Еңбек жолын Құспан 2000 жылғы тамызда Қазақ мемлекеттік заң академиясының Орал қаласындағы филиалындағы оқытушы ретінде бастады. Бұл қызметте ол тек 3 ай бойы болды да, Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарындағы жұмысын бастады. Бұл жерде ол 2006 жылға дейін жұмыс істеді.[1]
2006–2009 жылдары азаматтық-Экономикалық істер бойынша жеке практикамен айналысатын заңгер болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2023 жылға дейін ол Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі болған.[1]
Прокуратурадан кеткеннен кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады, пікірлестері Лұқпан Ахмедьяров пен Исатай Өтеповпен бірге «Абырой» қоғамдық бірлестігін құрып, зияндылық туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қаққан.
2012 жылы Құспан «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорын құрды.[2] 2023 жылғы наурызда ол Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.
2024 жылғы мамырда Құспан Астана паркінде серуендеген кезінде жариялаған әлеуметтік желідегі жазбасында астаналық жастардың орыстілдігіне қарсы шығып, оларды «өңшең намыссыз, арсыз қазақтар» деп атады.[3]
Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білем, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін! |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.