From Wikipedia, the free encyclopedia
«Абай» — Алматы метросының 4-ші бекеті. Бірінші бағытта «Алмалы» және «Байқоңыр» бекеттерінің арасында орналасқан.
Абай | |
Бірінші бағыт (Алматы) | |
Орналасуы | |
---|---|
Ашылған күні | |
Жобалық атауы |
Жетісу |
Түрі |
бағаналы, үшкүмбезді, терең |
Тереңдігі |
78 м |
Платформалар саны |
1 |
Платформалар түрі |
аралдық, тік |
Платформалар ұзындығы |
104 м |
Платформалар ені |
15,2 м |
Сәулетшілер |
Бәсен, Рүстемов, Нұрпейісов |
Әрлеушілер |
Мұқанов |
Кіру-шығу |
Абай даңғылы |
Жұмыс уақыты |
06:20—00:00 |
Бекет 2011 жылдың 1 желтоқсанында Алматы метрополитенінің «Райымбек батыр» — «Алатау» бірінші іске қосу учаскесінің құрамында ашылды.
Өз атауын аттас даңғылдан алған. Жобада «Жетісу» деп аталды.
Терең орналасқан бекет (тереңдігі 78 м) колонналық типтегі жол аралығы 18.1 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 15,2 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 46,0 м, ұзындығы 92,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.
«Абай» — терең қабатта орналасатын метро бекеті. Қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы құрметіне аталған. Бекеттің осы заманғы мәнерде безендірілген.
Бекеттің сәулет-сурет шешімі заманауи стильде жасалған. Қабырғалары сарғыш және қоңыр түсті мәрмәрмен әрленген. Едендерге сұр-сарғыш және қоңыр түсті гранит төселген. Карниз тоттанбаған болаттан жасалған. Платформаның шет жағында суреттік панно барельеф қолада және «флорентиялық мозаика» орналасқан. Композиция заманауи стильде орындалған. Абай Құнанбаев бейнеленген қола рельеф, тас бетінде ойылған, онда Абай шығармасынан үзінділер жазылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.